Жұма, 10 қазан, 16:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда криптокарталар мен криптобанкоматтар іске қосылады – министрлік

10.10.2025

166 0

Фото: pixabay.com

Жақында Қазақстанда криптотөлемдер жүйесі іске қосылады. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, азаматтар криптобиржалар, криптобанкоматтар және арнайы криптокарталар арқылы төлем жасай алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомствоның хабарлауынша, елдегі криптонарық кезең-кезеңімен дамып келеді және қатаң бақылау жүргізіліп жатыр.

Бүгінде Қазақстан толыққанды криптонарықтың негізін қалайтын бірқатар жаңа бастамалар қолға алуда. Жақын уақытта ұлттық юрисдикция аясында криптоайырбастар іске қосылып, криптобанкоматтар жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ криптокарталар шығару бастамасы жүзеге асырылады, – делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Қазір Ұлттық банк тарапынан “реттеуші құмсалғыш” деп аталатын ерекше бақылау тетігі жұмыс істеп тұр. Ол инновациялық қаржы шешімдерін шектеулі әрі бақыланатын құқықтық ортада сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.

Министрлік сондай-ақ CryptoCity жобасын әзірлеп жатыр. Бұл цифрлық активтермен операциялар жүргізуге арналған арнайы аймақ болмақ. Алғашқы кезеңде онда заманауи төлем құралдары енгізіледі. Криптокарталар, сондай-ақ Binance Pay пен Bybit Pay жүйелерін банк инфрақұрымына біріктіру көзделген. Бұдан бөлек, азаматтар криптовалюта арқылы қызмет ақысын төлей алуы үшін Yandex Qazaqstan платформасымен біріктіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Ерекше назар қауіпсіздік пен ашықтыққа аударылған. Барлық қатысушылар міндетті идентификация және верификациядан (KYC/AML) өтеді. Әзірлеушілердің айтуынша, бұл көлеңкелі айналым тәуекелін азайтып, “сұр” сектордағы инвесторларды заңды алаңдарға тартуға мүмкіндік береді.

Министрлікте атап өткендей, жобаның басты мақсаты – қауіпсіз әрі реттелетін экожүйе қалыптастыру. Онда криптовалюталар тауар мен қызмет ақысын төлеуден бастап, бизнес есеп айырысуларына дейін күнделікті операциялардың бір бөлігіне айналады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: