Жұма, 26 қыркүйек, 20:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72, 2185
23.09.2025
PDF мұрағаты

ЖИ министрі Starlink еліміздің барлық аймағында жұмыс істейтінін айтты

26.09.2025

59 0

Фото: Үкімет

Бүгін Мәжілісте өткен “Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту” тақырыбындағы парламенттік тыңдауда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев елдегі жасанды интеллект экожүйесінің негізі ретінде байланыс инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр Қазақстанның жаһандық технологиялық компаниялармен серіктестігі нәтижесінде спутниктік интернет бүкіл елге қолжетімді бола бастағанын атап өтті.

Биыл қаңтар айында OneWeb арқылы спутниктік интернет іске қосылды. Тамыз айынан бастап Starlink бүкіл ел аумағында ресми түрде қолжетімді. Сонымен қатар осы жылы Алматы облысы аумағында министрлік Shanghai Spacecom Satellite Technology Co. Ltd компаниясымен (ҚХР) бірлесіп абоненттік терминалдардың тесттік іске қосылуын жүргізді, – деді министр.

Ал осы аптада АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Amazon Kuiper компаниясымен келесі жылы спутниктік интернетті іске қосу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Геостационарлық емес спутниктік жүйелерді пайдалану алшақ және аз қоныстанған елді мекендерді интернетпен қамтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан – осы әлемдік технологиялық алыптармен әріптестік орнатқан аймақтағы жалғыз мемлекет. “Қазақтелекоммен” бірлесіп 3000-нан астам ауылды сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы басталды. 500 мыңнан астам үй шаруашылығына талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу құрылысын субсидиялау жобасы іске асырылып жатыр, – деп айтты Жаслан Мәдиев.

20 қалада 5G желісі белсенді түрде кеңейтіліп жатыр. Еуропа мен Шығыс Азия арасындағы интернет-трафик транзитін әртараптандыру мақсатында Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желілері салынуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: