Эдинбургтың 102 жастағы тұрғыны Кристин Миллер ұзақ өмір сүрудің құпиясымен Edinburgh Live
Зейнеткер саяхаттың ұзақ және бақытты өмір сүруге көмектескенін айтты. Жас кезінде Кристин Миллер әлемді көп аралап, Американы, Азияны зерттеген. Тіпті біраз уақыт Малайзияда тұрған.
«Сүйікті адамдарыңызбен әлемді саяхаттаңыз, мүмкіндігінше көп нәрсені көріңіз. Малайзия мен АҚШ-та болған уақытымда мен көптеген шытырман оқиғаларды бастан өткердім. Жаңа мәдениеттерді зерттеп көру адамды жас қалпында қалдырады. Менде бақытты естеліктер көп», – дейді Кристин Миллер.
Миллер Ұлыбританияның марқұм патшайымы Елизавета II-нің 100 жылдығында корольдік тұлғадан алған хатын ерекше мақтан тұтады.
“Ол өмір бойы елімізге аянбай қызмет етті. Ол мен қатты сыйлайтын адам. Мен бұл хатты қатты бағалаймын», – дейді Миллер.
Қазір зейнеткер қарттар үйінде тұрады. Оның ұлы анасымен маңызды күн өткізу үшін Америкадан арнайы ұшып келген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!