Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Көрші халі

10.10.2020

872 0

Қырғызстандағы саяси ахуал­ әлем назарын аударуда. «The Washington Post» газетінің мен­шікті тілшісі Изабель Хуршудян басылымға бірнеше мәрте саяси төңкеріс туралы ақпараттық мақала жариялап, оқыс пікір де білдіріп үлгерді. Соның бірі – автордың «Ушыққан саяси дағдарыстың баяны»­ атты мақаласы.

Алдымен «The Washington Post» газеті тілшісінің оқиға төңірегіндегі ақпаратымен бөлісейік:

«Парламент сайлауынан кейін шыққан дау сайлау қорытындысын жоққа шығарды. Жүйе мен сайлау шешіміне қарсы топ елдегі маңызды саяси нысандарды басып алды. Оппозициялық топтың мәлімдемесіне сәйкес, олар президент кеңсесін басып алған соң билікке келеді. Ақ үй аталатын саяси нысандағы құжаттар мен жиһаздар көшеге шығарылып, ішке тексеріс жүргізілген. Ал 2017 жылдан бері билікте отырған С.Жээнбеков қарулы күшке оқ атпауға бұйрық берген. Дүйсенбідегі оқиға салдарынан бір адам қаза болып, 600 азамат жарақат алған».

Тілші Қырғызстан Республикасы Мәскеу мен Бейжің (Пекин) тарапынан қысым көріп отыр деген тұжырым жасады. Изабель­ Хуршудянның көзқарасы бойынша, Қырғызстанда Ресей әскери базасының орналасуы, Қытайға берешек қарыз бен экспорт-импорт тәуелділігі локалды жүйенің жағдайды өз қолына алуын қиындатпақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: