Ташкентте көпқабатты үйлердің бірінде жеті жастағы қызға тиіскен 55 жастағы ер адам 18 жылға сотталды, – деп хабарлайды Massaget.kz kun.uz сайтына сілтеме жасап.
Қылмыстық іс бойынша сот 20 қыркүйекте жабық өткен.
Соттың жария етілген үкіміне сәйкес сотталушы Қылмыстық кодекстің 119-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Айта кетейік, 7 маусымда әлеуметтік желіде ер адам 7 жастағы қыздың артынан келіп, тиіспек болғаны туралы видео тарады. Ер адам қызды қорқытып, интим жерлерін ұстап, азғындық әрекеттерін жасаған. Ер адам әлдекім есікті ашқан кезде қашып кеткен.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!