Жұма, 27 желтоқсан, 08:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Әйгілі «Өлім теңізінен» 4 туристің мәйіті табылды

03.08.2023

597 0

Қытайдың әйгілі «Өлім теңізінен» 4 туристің мәйіті табылды. Олардың көлігі істен шығып, шөл далада қалып, мерт болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шыңжаң ұлттық қорығы орналасқан шөлге жаз уақытында жоспарсыз келудің соңы өлімге әкеледі. Себебі аумақта су жоқ, орташа температура шамамен 38-40°C құрайды. Ал құмның бетінде температура 80°C-қа дейін жетуі мүмкін.

Шөл далаға рұқсатсыз кеткен төрт турист көлікпен келе жатып, адасып кеткен. Құтқару операциясының нәтижесінде көлік ішінен үш туристің мәйіті табылды. Оның екеуі ер адам мен бір әйел. Ал төртіншісі шөлдің ортасында өлі күйінде табылды.

Жан түршігерлік кадрларды көрсеткен құтқарушылардың айтуынша, денеге температураның шектен тыс әсер етуінен туристің беті, қолдары мен аяқтары толығымен күйіп, қарайып кеткен.

Қорықтың жабық екені туристерге тағы бір мәрте ескертілді. Кіруге арнайы рұқсатпен және саябақ командасының ертіп жүруімен ғана рұқсат етіледі. Бұл жойылып кету қаупі төніп тұрған үш мекеннің бірі болғандықтан ғана емес, туристердің қауіпсіздігі үшін де маңызды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: