Зомби-вирус немесе Мафусаил микробтарының штаммдарынан әлемде жаңа пандемия пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғалымдардың пікірінше, ежелгі Сібір вирустарының оянуы жаһандық жылынуға байланысты болмақ.
Марсель университетінің генетигі Жан-Мишель Клавери жаһандық ғылыми қауымдастық климаты жылы елдерде аурудың өршу қаупіне назар аударғанымен, солтүстіктегі қауіпке мән бермей жатқанын айтты.
«Бүгінде пандемия қаупінің анализі бірінші оңтүстік аймақтарда, содан кейін солтүстікке таралуы мүмкін ауруларға бағытталған. Керісінше, індет қиыр солтүстікте пайда болып, содан кейін оңтүстікке таралуы да мүмкін», – деді ғалым.
Роттердамдағы Эразмус медициналық орталығының вирусологы Марион Купманс та осы пікірге келісті. Ол мұзда қатып қалған вирустардың бірі түрлі ауруды, мысалы, полиомиелиттің ежелгі түрін тудыруы мүмкін екенін атап өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!