Ең ұзын шашымен рекорд орнатқан Үндістан тұрғыны Ниланши Пател шашын қырықты.
![Әлемдегі ең шашы ұзын қыз шашын қырқып, мұражайға тапсырды](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2021/04/z.jpg)
Гиннестің рекордтар кітабының ақпаратына сәйкес, ол 2018 жылы жасөспірімдер арасында ең ұзын шаш бойынша рекорд орнатқан. Ол кезде небәрі 16 жаста болған, ал шашының ұзындығы 170,5 см-ге жетіпті, – деп жазады Известия. 2020 жылдың шілдесінде қыздың шашы өлшеніп, 200 см-ге жеткені белгілі болды. Жалпы, ол үш рет рекорд жасаған. Ниланши Пател алты жасынан бастап шашын қырықпаған.
Енді 12 жылдан кейін шашын қырқуға шешім қабылдады. Ол салмағы 266 г шашты мұражайға тапсырды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!