Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Айға ұшқан арман

28.11.2020

930 0

«BBC» арнасында салалық журналистика қашанда жоғары деңгейде. Тілшілер IT-ден бастап, молекулалық биология ғылымына дейінгі аралықта өзіне жақын сала бойынша ізденіп, еңбек етуге дағдыланған. Салалық сараптаманы да мамандардан кем жазбайды. Айға ұшқан ракета туралы Джонатан Амостың «Қытай ғарыш кемесі Айға аттанды» атты кезекті бағдарламасы ойымызды нақтылай түсті. Хабарда тілші-ғалым ғарыш кемесінің құрылымы мен жұмыс механизміне қатысты ғылыми талдау жасап, адамзат үшін маңызына тоқталған.

«Қытай Ай бетіндегі тау жынысын зерттеу мақсатында «Чанъэ-5» («Chang’e-5») атты ғарыш кемесін аттандырды. Сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы 5-те жолға шыққан кеме желтоқсан айының ортасында Жерге оралу қажет. Бұл – адамзат тарихындағы айтулы күн. Себебі осыдан 40 жыл бұрын ғана Кеңес Одағы мен АҚШ ғарышкерлері сынақ үшін айдан «топырақ» әкелген еді. Қытай осы ауыр да абыройлы істі соңына жеткізіп, үшінші елдің қатарына кіруді көздейді. Жоспарға сәйкес, «Чанъэ-5» Айдың жанартаулы бөлігі саналатын «Тозаң мұхиты» (Oceanus Procellarum) маңына орналасады».

Хабар авторы Қытай ғалымдарының неліктен бұл аймаққа көз тіккенін де тарқата айтады. Оған қоса жер жаһандағы ғалымдардың жаңа сынаққа деген көзқарасын да қалыс қалдырмайды.

«Ғарыш кемесінің «Тозаң мұхитына» (Oceanus Procellarum) жақын орналасуы – жерге бұрын әкелінген «топырақтың» басқа түрін олжалау амалы. Себебі АҚШ-тың «Аполлон», Кеңес одағының «Луна» бағдарламалары қол жеткізген «топырақтың» жасы 1,3-4 млрд жыл аралығында. Ал Айды толық зерттеу үшін «жаңа топырақ» қажет. Аталған аумақ жас мөлшері жағынан «жаңа топырақты» табуға өте қолайлы. Оксфорд университетінің докторы Нил Боулз да «Чанъэ-5» кемесінің мүмкіндігін жоғары бағалады: «Біздің білетініміздей, Ай – Күн жүйесінің хронометрі. «Аполлон» мен «Лунаның» «топырақ» алған жері өлшеп екшелген, радиометрі нақтыланған, байланыс орнатуға қолайлы аймақ еді. Сондықтан «Чанъэ-5» Айдың өзге аумағына орналасуы жанартаулы бөлік туралы ойымызды өзгертеді» деген пікір білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: