Сейсенбі, 31 желтоқсан, 02:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№103 — 2113
31.12.2024
PDF мұрағаты

Ақ үйдегі «климаттық» күн

30.01.2021

1428 0

АҚШ президенті Джо Байден климаттың өзгеруіне қарсы күрес туралы бірнеше жарлыққа қол қойды. Енді америкалық билік федералды жерлерде жаңа мұнай және газ ұңғымаларын қазуға лицензия беруден бас тартуы мүмкін. Мұндай шараны энергетика саласының өкілдері қолдап, экс-президент Трамптың саясатына қарсылық білдірді, – деді ВВС арнасы: «Ақ үйдегі климаттық күн». Байден жылулыққа қарсы күрес туралы жарлыққа қол қойды» атты бағдарламасында.
– Бүгін Ақ үйде климаттық күн. Біз бұл шараны онсыз да созып жібердік, енді күте алмаймыз, – деп Джо Байден жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ президент климаттық өзгерістерден пайда болатын дағдарыспен күресте АҚШ әлемдік көшбасшы болу керек екенін жеткізді.
Байден өзінің арнайы климаттық мәселелерді реттейтін өкіл етіп сайлаған бұрынғы мемлекет хатшысы Джон Керри жаңа билікке қоршаған ортаның жағдайы сыртқы саясатты жоспарлауда шешуші рөл атқаратынын айтты. «Климаттың өзгеру көрсеткіші қазіргіден жоғары болуы мүмкін емес. Бұл біздің амандығымыздың бірден-бір себепкері» деді Керри.
Бұған дейін Трамптың билігі атмосфераға тарайтын зиянды заттарды азайтуға міндеттелетін келісімнен бас тартқан еді. Ал Джо Байден 20 қаңтарда билікке келген күннен бастап ең бірінші болып осы жарлықты күшіне енгізуге кірісті.
Жарлықта Ақ үйде ұлттық климаттық саясатқа арналған арнайы кеңсе ашу және 22 сәуірде тойланатын «Жер күніне» орай әлемдік көшбасшылармен саммит өткізу жобасы қарастырылған. Американың жаңа билігінің айтуынша, Байден күннің жылынуымен күресті АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен мемлекеттің сыртқы саясатындағы басты мәселеге айналдыруды көздеп отыр. АҚШ президенті онымен қоса ұлттық барлау күшіне климаттың өзгеруі елдің қауіпсіздігіне қалай әсер ететіні туралы баяндама дайындауды тапсырды.
Ақ үй хабарлағандай, жарлыққа сәйкес мемлекет федералды жерлерде жаңа мұнай және газ ұңғымаларын қазуға лицензия беруден мейлінше бас тартпақ және бұған дейін берілген лицензияларды қайта қарастырмақ. Осылайша Байден мұнай-газ саласына көңіл бөлмек. Мәселен, Американың мұнай институтының зерттеуі бойынша жалпы мұнай игерудің 22 проценті және газдың 12 проценті американың федералды жеріне тиесілі.
Америка мұнай институты мұнай-газ игеруге берілетін лицензияға жарияланған мораторийге қарсы келіп отыр. Себебі одан АҚШ импортқа көбірек тәуелді болады. Алайда кей эксперттер бұл аргументті жоққа шығаруда. Себебі мұнай игеруші компаниялар өздеріне 2014-2019 жылдары рұқсат етілген ұңғымалардың тек жартысын ғана игерген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: