Жұма, 27 желтоқсан, 02:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

АҚШ азаматтары Ауғанстаннан шығарылып жатыр

11.09.2021

826 0

АҚШ 1 қыркүйекте Ауғанстан жерінен өз азаматтарын толықтай шығаруды жоспарлаған болатын. Дегенмен Талибандар (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) басып алған елдегі ахуалға байланысты бұл жоспарды толық орындау мүмкін болмады. Енді талибандар елден 200 азаматты шығаруға, соның ішінде америкалықтардың елден кетуіне рұқсат берді. Бұл туралы CNN арнасының тілшілері Мостафа Салем, Кайли Этвуд пен Лора Смит-Спарк «Тәліптер Кабул әуежайынан 200 азаматтың, соның ішінде америкалықтардың ұшуына рұқсат берді» атты мақаласында жазды.

Арнаның мәліметінше, 9 қыркүейкте Кабул әуежайынан Катар рейсімен ұшып кетуге 200 адамға рұқсат етілген. Оның ішінде америкалықтар да болады делінгенімен, АҚШ азаматтарының нақты қанша екені белгісіз.

Бұл талибандар тамыздың аяғынан бастап елді басып алғаннан кейінгі алғашқы коммерциялық рейс болмақ. Qatar Qirways-тың Кабул-Доху бағытындағы рейстің жолаушыларының айтуынша, соңғы аялдама ретінде ұшақ Канадаға қонбақ.

Оқиға орнында мән-жайдан хабар таратқан «Al-Jazeera» тілшісіне олар «Біз Канадаға барамыз. Біз канадалықпыз» деп айтқан. Тікелей эфирде Боинг 777 ұшағы тұрған ұшу жолағын қарап тұрған Катар мен Талибанның ресми өкілдері байқаған.

Талибандардың ресми ақпараты бойынша, талибандардың сыртқы істер министрі қызметін уақытша атқарушы Мавлави Амир Хан Муттаки Катардың ресми өкіліне әуе рейстерін жандандырғаны үшін алғыс білдірген.

Ал АҚШ өз кезегінде бұл рейске рұқсат берілгендігін басқаша түсіндіреді. Американың мәліметінше, бұл 200 адамдық рейске қол жеткізу үшін АҚШ-тың ресми өкілі Залмай Халилзад талибандарға қысым көрсеткенге ұқсайды.

Сәрсенбіде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бір топ әскерилер Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шарифтегі чартерлік рейстің ұшуына кедергі келтіруде деп айыптаған болатын. «Талибандар кей жолаушылардың құжаттары дұрыс емес деп сылтауратуда», – деді Э.Блинкен.

CNN арнасы Ақ үй, Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесі мен Талибандардың 200 адамдық рейс туралы ақпарат сұрағанымен, АҚШ қандай да бір пікір білдіруден бас тартқан.

Жалпы АҚШ-тың көптеген әскери ұшағы белгіленген уақытқа дейін, яғни 31 тамызда елден шығып кеткен болатын. Бұл талибандарды елді басып алғаннан кейін екі апта өткен соң болған еді. Негізінен АҚШ азаматтарын шығару барысында Ауғанстаннан шамамен 122 мың адам және 6000 бейбіт тұрғын еліне қайтқан.

Ал Талибан өкілдері қазіргі таңда Кабулдағы әуежайды қалпына келтірумен айналысуда. Бұл туралы ұйым өкілі Забихулла Муджахид айтып берді. «Біз әуежайды тезірек қалпына келтіру үшін барынша жұмыс істеп жатырмыз. АҚШ әскерін шығарған соң әуежай жөндеуді талап етіп тұр. Америкалықтар барлық радарларды істен шығарып кеткен», – дейді ол. Одан бөлек, ол әуежайды жөндеу үшін Катар мен Түркиядан арнайы техникалық топ алдырғанын мәлімдеген.

Катардың сыртқы істер министрі шейх Мохаммед аль Тани де техникалық топ әуежайды жөндеп болған соң Кабул әуежайы өз қызметін бастайды деп мәлімдеді. Бірақ оның айтуынша, талибандармен келіссөздер әлі де жүргізілмеген. Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавошуглу өз сөзінде Кабул әуежайын қалыпқа келтіру үшін Катар және АҚШ-пен бірігіп жұмыс жасап жатқанын мәлімдеді. «Қазіргі таңда ол жерде біздің 19 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Ең бастысы – олардың қауіпсіздігі», – дейді ол.

Мевлют Чавошуглудың айтуынша, әуежайдың сыртында талибандар қауіпсіздік үшін жауап береді. «Ал бірақ әуежай ішіндегі қауіпсіздікке кім жауапты? Оған жеке компания, екі мемлекет немесе халықаралық қоғам жауапты болуы керек. Әскерилерге сенімсіздік болса, бұл үшін мұндай қызметті атқаратын жеке компаниялар бар», – дейді ол.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: