Сәрсенбі, 20 қараша, 14:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

АҚШ соты Дональд Трампқа қатысты шешім шығарды

08.02.2024

318 0

Фото: KAZINFORM

Аqmeshit-aptalygy.kzАҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қатысты төрт қылмыстық іс қозғалды, сот шешімі оның 2020 жылғы сайлауды бұзу әрекетіне қатысты шығарылды. Бұл туралы KAZINFORM хабарлайды.

Сот Дональд Трамптың билікті сақтап қалу әрекеттеріне қатысқаны үшін жауапқа тартылуда иммунитеті жоқ деп шешті.

«Осы қылмыстық іс аясында бұрынғы президент Трамп қылмыстық іс бойынша айыпталатын кез келген басқа тұлға сияқты барлық қорғаныс мүмкіндіктері бар азамат Трампқа айналды. Бірақ оны президент ретінде қорғайтын кез келген иммунитет енді оны бұл айыптаулардан қорғай алмайды», – делінген сот шешімінде.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 6 қаңтарында Капитолий маңында тәртіпсіздік болып, осы үшін Трамптың жақтастары айыпталған болатын. Трамптың өзі бұл іс бойынша кінәсін мойындаған жоқ.

Дональд Трампқа «алаяқтық және алдау арқылы федералды үкіметтің функцияларына зиян келтіру, кедергі келтіру және әлсірету үшін қастандық жасау» деген айып тағылған.

Дональд Трамп 2020 жылғы сайлауда демократиялық қарсыласы Джо Байденнен жеңілді. Қазіргі уақытта ол Республикалық партия атынан президенттікке үміткер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: