Жұма, 27 желтоқсан, 04:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

АҚШ-та бірнеше қала жермен-жексен болды: 110 адам өлді

14.12.2021

1734 0

Джо Байден дүлей дауылды ел тарихындағы ең жойқын табиғи апаттардың бірі деп атады.

Желіде АҚШ-тағы жойқын дауылдың салдары туралы видеолар жарияланып жатыр.

​Бірқатар қалада үйлердің орнында қирандылар ғана қалған.

«Бүгін Конгресс пен мемлекет кеше түнде жойқын торнадо салдарынан жақын адамын жоғалтқандардың қайғысына ортақтасып жатыр. Бүкіл халық осы қиын шақта сіздер үшін дұға етуде», – деп жазды АҚШ конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Twitter-де.

​Торнадодан Кентукки штаты көп зардап шекті. Онда соңғы мәлімет бойынша 110-нан астам адам қаза тапты.

Торнадо мен дауыл 11 желтоқсанда АҚШ-тың шығысын ойрандап кетті, атап айтқанда, Иллинойсе, Миссури, Арканзасе, Кентукки және Теннесси штатындағы елді мекендер қирады.

Ақ үйдің хабарлауынша, елдегі дауыл туралы президент Джо Байденге ақпарат берілген. Мемлекет басшысы зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін федералдық ресурс бөлуді тапсырды.

​Байден табиғи апатты тарихтағы ең жойқын апаттардың бірі деп атады. Ол зардап шеккен кейбір өңірлерді әскери әрекеттер аймағына теңеді. Ал құрбан болғандардың нақты саны мен дауылдан келген шығын көлемі әзірге белгісіз.  

sputnik.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: