Дүйсенбі, 25 қараша, 13:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Аргентина президенті Хавьер Милей кезінде өзі жарымес деп атаған Рим Папасымен кездесті

12.02.2024

346 0

Фото: KAZINFORM

Рим Папасы Франциск Аргентинадағы алғашқы әулие әйел Антулуды әулиелер санатына қосты. Салтанатты рәсімге Аргентина президенті Хавьер Милей қатысты, ол бұған дейін понтификті қатаң сынаған болатын, деп жазады Euronews. 

Канонизация рәсімі жексенбі, 11 ақпанда Ватикандағы Әулие Петр ғибадатханасында өтті.

Мерекелік шараға Аргентина президенті Хавьер Милей де қатысты.

Сайлау науқаны кезінде анархиялық-капиталистік көзқарастағы ол Рим Папасын жиі сынап, оны «коммунизмді насихаттайтын» «жарымес» деп атады.

Сайланғаннан кейін Хавьер Милей риторикасын біршама төмендетті және шара кезінде алғаш кездестірген 87 жастағы Францискпен құшақтасып қауышты.

Дүйсенбіде Аргентинаның саяси және діни көшбасшылары жеке кездесу өткізеді.

Содан кейін Аргентина президенті Италия премьер-министрі Джорджа Мелони және Италия Президенті Сержо Маттарелламен келіссөз жүргізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: