Жұма, 22 қараша, 23:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Ащы бұрыш иіскеген бойжеткен комаға түсті

02.09.2023

409 0

Бразилияда бойжеткен ащы бұрышты иіскеген соң тілі байланып, жүре алмай қалған. Бұл туралы G1 сайты хабарлайды. 

25 жастағы Таис Медейрос ақпан айында ауруханаға түскен. Мұның алдында ол сүйіктісімен бірге кешкі ас дайындапты. Қонақтарға арналған астың біріне маринадталған бұрыш қосу керек болған. Бұрышты иіскеген сәтте қыздың тамағы қыши бастапты. Жағдайы нашарлаған соң ол ауруханаға барған. 

Дәрігерлер Медейростың миы аллергия кесірінен ісіп кеткенін анықтаған. Жағдайы нашарлаған қыз бірнеше күн комада болған. Емі жазға дейін жалғасып, ауруханадан тек 31 шілдеде шығарылыпты. Алайда жағдайы қайта нашарлап кеткен соң қай емханаға жатқызылды. 

Қазір дәрігерлер Медейростың қашан айығып кетерін айта алмай отыр. Қыз сөйлей де, жүре де алмайды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: