Сенбі, 21 желтоқсан, 17:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Аспан асты елінің» айбаты

26.10.2020

963 0

Жұма күні Қытайда Солтүстік Кореяға әскер кіргізгеніне 70 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Бұл жиынның әлемдік геосаяси ұстаным мен мүдделер қақтығысы турасында алар орны ерекше. Мұны сезген ҚХР-ның Төрағасы  Си Цзиньпин көгілдір экран арқылы АҚШ-тың қыспағы мен агрессиялық әрекетіне қатысты пікір білдірді. Бұған дейін министрлер мен ресми өкілдердің аузынан еститін АҚШ-қа қатысты дөңайбатты дәл осы жиында Төрағаның өзі айтуы тегін емес. Себебі алда сайлау, өзгеріс…
Әлемдік БАҚ-та мұндай ұрымтал тұсты қапы қалдырмай, хабар таратуды назарға алды. «CNN News» арнасы да арнайы хабар дайындап, мемлекет басшысының әрбір сөзін байыптады. Журналист Бен Уэсткотт пен Стивен Цзянның бірлескен хабары көрермен тарапынан оң бағаға ие болып, қызу талқы тудырды.
«1950 жылы Қытай әскері Солтүстік Кореяға кірді. Мұны жергілікті халық «АҚШ-тың әскери агрессиясына қарсы соғыс және Кореяға көмек» деп атады. Бүгінгі салтанатты шарада Си Цзиньпиннің мінбердегі сөзі тек тарихи оқиғаны ғана емес, АҚШ-тың бүгінгі саясатын да сынады. Ол Дональд Трамп пен Джо Байден арасындағы пікірсайысты көргенін және екі қарсылас та «Қытаймен қарсыласу» ұстанымын жақтағанын айтты.  Төраға қытайдың әскери күші қарсыластарынан қалыспайтынын айтып, «Бейжің бейбіт­шілікті қалайды, алайда соғыстан қашпай­мыз, басқыншылармен өз тілінде сөйлесу қажет» деген ұран тастады».
Сонымен бірге хабарда Си Цзиньпин қытай-корей соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, 200 мыңға жуық қаза тапқан сарбаздарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялаған сәті көрсетілген. Авторлардың пікірінше, салтанатты шара тек құрбандарды еске алу ғана емес, халыққа саяси қадамды насихаттаудың амалына айналған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: