Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Блогер күйеуінің туған күніне екінші әйел сыйлады

14.08.2023

869 0

Өзбекстандық блогер күйеуіне ерекше сыйлық жасап, жұртты таң қалдырды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада әйелі сүйікті жарының туған күнінде романтикалық тосын сый жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Блогер тосын сыйды жүзеге асыру үшін мерекелік залды жалға алған. Күйеуіне салтанат залының ортасындағы үлкен қорапты ашуын өтінеді. Оның ішіне блогер өзі рұқсат берген сыңай танытып, екінші әйелді жасырып қойған. Күйеуін сендіру үшін тіпті қалыңдыққа дәстүрлі той көйлегін кигізген. Мерекелік атмосфера үшін отшашуға да тапсырыс берген.

Мұндай сыйлықты күтпеген ол жұбайының бұл әрекетін жоғары бағалады. Жұптардың бірге түскен романтикалық суреттері де қызу талқыға түсіп үлгерді.

Блогер күйеуінің туған күніне екінші әйел сыйладыФото: bloknot.ru

Қоғам назарын аудартқан жағдайға қатысты полицейлер пікір білдірді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бейнежазба авторымен профилактикалық түсіндіру шарасын жүргізді. Блогерге Өзбекстанда көп әйел алуға заңмен тыйым салынғанын ескертіп, ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.

Заң бұзғандарға айыппұл, қоғамдық түзеу жұмыстары немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: