Бейсенбі, 19 желтоқсан, 00:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99 (2109)
14.12.2024
PDF мұрағаты

Бүгін Ауғанстан президенті өкілетін тапсырады – БАҚ

15.08.2021

894 0

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани бүгін, жексенбіде қызметінен кетуге ниетті. Бұл туралы «Әл-Арабия» телеарнасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz  РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

«Билікті өткізу процесі бүгін президент сарайында өтеді», – дейді жергілікті БАҚ өкілдері.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Ғани АҚШ-тың Ауғанстанды татуластыру жөніндегі арнайы өкілі Залмай Халилзадпен төтенше келіссөздер жүргізіп жатқанын, оған НАТО-ның жоғары лауазымды тұлғалары да қатысқанын хабарлаған.

Reuters дипломатиялық ортадағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Ауғанстанның бұрынғы ішкі істер министрі Али Ахмад Джалали елдегі өтпелі үкіметтің басшысы болып тағайындалғанын хабарлады.

«Әл-Джазира» телеарнасы дереккөзге сілтеме жасай отырып, Ғани елден кетпегенін мәлімдеді. Ол таңертең уақытын Кабулдағы президент сарайының бағында әйелімен өткізгені хабарланды. 

«Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған. – Ескерту.) биліктің ауысуы кезінде Ауғанстандағы оқу орындарының жұмысына кедергі жасамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы жергілікті Pajhwok агенттігі хабарлады. Содырлар студенттер мен оқытушыларға жағымсыз өзгерістер күтудің қажеті жоқ екенін айтты.

Ал бұрын АҚШ-тың ауған әскеріне берген ең үлкен Баграм әуе базасы Талибанға өтті. Оны Ассошиэйтед Пресс жергілікті билікке сілтеме жасай отырып жазды. 

Еске салайық, бүгін, 15 тамызда тәліптер Ауғанстан астанасы Кабулға кірді. Олар үкіметпен Кабулды бейбіт жолмен беру туралы келіссөздерді бастап кетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: