Францияда коронавирусқа шалдыққандар саны тағы да артты. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың саны соңғы кездері күніне 200 мың адам болып отыр, деп хабарлайды Euronews.
Елдегі дәріханалар тест тапсырғысы келетін адамдардың ағынына төтеп бере алмай жатыр. Қалада саны бойынша жетінші коронавирус толқыны күшейді.
Француз билігі, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көліктерде маска тағудың маңыздылығын тағы да еске салды.
Германияда да дабыл қағылды. Тест нәтижелері бойынша инфекция жұқтырғандар саны күніне 150 мыңға дейін өскен. Бұл – Ұлыбританияда тіркелген көрсеткіштен сәл төмендеу. Онда 154 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған болатын.
Италияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 132 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді.
Ауруға шалдығушылар санының артуы еуропалықтардың жазғы демалысы мен жоспарлаған саяхаттарына кедергі келтіріп тұр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!