Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 14:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ғалымдар мидың жұмысын жақсартатын әдіс тапты

18.02.2024

1102 0

Сурет: zhasai.kz

Aqmeshit-aptalygy.kz – Жапониядағы Цукуба университетінің неврологтары ми жұмысын тез жақсартатын қызық әдісті айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Мамандар 18 бен 26 жас аралығындағы 48 еріктіге зерттеу жүгізді. Экспериментке қатысушылар кардио жаттығуларын орындау кезінде ырғақты музыканы тыңдады. Осы сәтте арнайы құрылғылар арқылы зерттелушілердің миының белсенділігі бақыланды.

Анықталғандай, мұндай музыка мидың префронтальды қыртысын ынталандырады. Бұл когнитивтік функцияларды – есте сақтауды, зейінді, ақпаратты қабылдау және өңдеу қабілетін жақсартуға көмектеседі. Оң нәтиже музыкаға билеуден кейін үш минуттан соң пайда болатыны атап өтілді. Ырғақты қимыл мидың жұмысын үш минутта жақсартады. 

Ақыл-ой қабілеттеріне жағымды әсер ету міндетті түрде дене қимылдарын музыкамен үндестіру салдары болуы керек екендігі атап өтіледі. Бұл жағдайда сіз кез келген аэробика, секіру сынды түрлі жаттығуларды таңдай аласыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: