Фото: rus.err.ee
Иран соты Махса Аминидің өлімі туралы арнайы ақпарат жариялағаны үшін екі журналист – Элахе Мохаммади мен Нилуфар Хамедиді жеті жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Euronews басылымы хабарлайды.
Олар «АҚШ үкіметімен ынтымақтастық жасады» деп айыпталды. Сот үкіміне 20 күн ішінде шағымдануға болады.
Мамыр айында Біріккен Ұлттар Ұйымы журналистерге «Баспасөз бостандығы үшін» жетекші сыйлығын берген еді.
Фото: euronews.com
Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын хиджаб киюге қатысты ұлттық ережелерді сақтамағаны үшін моральдық полиция қызметкерлері Махса Аминиді соққыға жығып, артынша қыз қаза болған еді. Иран үкіметі мен мемлекеттік мекемелер Махса Аминидің қазасына жүрек талмасы себеп болғанын хабарлаған болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!