Ташкент әуежайындағы кедендік қоймада алапат жарылыс болды. Gazeta.uz басылымының хабарлауынша, жарылыс салдарынан көпқабатты үйлердің терезесі мен есіктері қираған.
Жарылыстан зардап шеккендер бар. Бұл оқиға орнына жедел жәрдем көлігі де көптеп келген. Жарылыстан кейін тұтанған өртті сөндіру жұмыстары жүрді.
Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, төтенше жағдай 28 қыркүйекте сағат 2:43-те болған. Жарылыс дауысы бірнеше шақырымға дейін естілген. От жалыны өзге аудандардан да көрініп тұр.
Әуежайға 16 өрт сөндіру-құтқару бригадасы жіберіліпті. Сондай-ақ ведомство өкілдері ұшақ құлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Uzbekistan Airports компаниясы жарылыстың әуежай жұмысына кедергі келтірмегенін хабарлады.
А.БЕК
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!