Жексенбі, 22 желтоқсан, 13:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Күзеннен келген қауіп

26.11.2020

1389 0

Апта басында «BBC News» арнасы Дания мемлекеті 15 млн күзенді жоюды жоспарлауда деген ақпарат таратты. Бұған күзендердің коронавирус індетіне шалдыққаны себеп болған. Дания үкіметі аталған аңды жою шарасы жүргізілмесе, халық зардап шегуі мүмкін екенін айтуда. Оған қоса аң денесіндегі вирус мутацияға түсіп, өзге қалыпқа ауысуы ықтимал. Бұл өз кезегінде жаңа вирустің өршуіне және сынақтағы вакцинаның күші жойылуына жол ашпақ. Арнайы хабарда премьер-министр Метте Фредериксен бұл жағдайдың адамзат өмірін қорғауға бағытталған амал екенін жеткізген:«Дания – күзен терісін өндіретін әлемдегі ең ірі мемлекет қатарында. Халықтың денсаулығын сақтау мақсатында экономикалық пайда көзін доғарып, шешімтал қадам жасауға тура келіп отыр. Біз табиғат үшін жауаптымыз, алайда адамзат алдындағы жауапкершілік одан да жоғары».Бүгінде елдегі 5 күзен фермасынан ауру ошағы табылып, жануарлармен байланыста болған 12 қызметкердің вирус жұқтырғаны анықталды. Кей аймақта карантин шарасы күшейтіліп, жұмадан бастап кафе мен қоғамдық көліктер және жабық аумақтағы кәсіпкерлік нысандар қызметі шектелетін болады.Данияның негізгі экспорттық нарығы Қытай мен Гонконг екені мәлім. Өткен айда күзен бойынан табылған вирус жағдайды тым шиеленістірді. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының пікірінше, күзендерді тірі қалдыру үлкен зиян әкеледі. Себебі жануар ағзасы вирустың түрленуіне «ең қолайлы аймақ». Ұйым Данияның батыл да шешімтал әрекетін қолдайтынын жеткізді. Бұған дейін Испанияның Арагон аймағында вирус жұқтырған 100 мыңға жуық күзен жойылған.

Ерсін ШАМШАДИН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: