Үндістанның шығысындағы Одиша штатында найзағай соғуынан 12 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды. Бұл туралы OXU басылымы хабарлайды.
Мәліметтерге сәйкес, оқиға 2 қыркүйекте орын алған. Онда екі сағат ішінде 61 мың найзағай соғуы тіркелген.
Үндістанның метеорология департаменті бұған дейін Бенгал шығанағындағы циклондарға байланысты алдағы екі күнде елдің шығысында ауа райының нашарлайтынын ескерткені атап өтілді.
Айта кетейік, ресми мәліметтер бойынша, 2022 жылы Үндістанда найзағай соғуынан 907 адам қаза тапқан.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!