Сейсенбі, 26 қараша, 03:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

НАТО Ресеймен қақтығысқа дайындалып жатқанын мәлімдеді

19.01.2024

441 0

Фото: Stan.kz 

НАТО Ресеймен алдағы жиырма жыл ішінде болатын жанжалға дайындалып жатыр. НАТО әскери комитетінің төрағасы Роб Бауэр осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Біз бейбіт әлемде өмір сүріп жатқанымыз әдеттегі жағдай емес екенін түсінуіміз керек. Сол себепті біз (НАТО күштері) Ресеймен қақтығысқа дайындалып жатырмыз», – деп мәлімдеді НАТО шенеунігі. 

Сондай-ақ Бауэр қысқа мерзімде оқ-дәрі мен қару-жарақ шығару қажет екеніне байланысты қақтығысқа дайындық «өндіріс базасына сүйенетінін» болжады. Ол қайтадан әскерге шақыру басталуы мүмкін екенін мәлімдеді. 

Бұған дейін Бауэр Украинадағы соғыс тығырыққа тірелгенін, соған қарамастан НАТО ары қарай да Киевті қолдауды жалғастыра беретінін айтқан.

Бұған дейін Берлин НАТО мен Ресей арасындағы соғысқа араласуға ниетті екенін жазған едік. Германия қорғаныс министрлігінің сценарийі бойынша ол 2025 жылдың жазында басталуы мүмкін. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: