Нигерияның Ойо штатындағы түрмеге белгісіз қарулы топ шабуыл жасап, 500-ден аса адамды босатқан, – деп хабарлайды «Хабар24» телеарнасы.
Содырлар алдымен абақты күзетшілеріне оқ атып, кейін оның қабырғасын жарылғышпен жарып жіберген. Сөйтіп 800-ге жуық сотталушы қашып шыққан. Бірақ колония қызметкерлері артынан 260-тан астамын қайта ұстады.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2007 салынған бұл түрме 160 адамға шақталған. Бірақ оқиға кезінде онда 900-ден аса адам жазасын өтеп жатқан екен.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!