Жексенбі, 24 қараша, 04:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Өлім жазасына кесілген Үндістан азаматтары босатылды

13.02.2024

431 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Aqmeshit-aptalygy.kz – Қатарда тыңшылық жасады деген айыппен тұтқындалып, өлім жазасына кесілген сегіз үндістандық босатылды. Бұл туралы tass.ru. хабарлайды.

2022 жылдың тамыз айында Қатарда бір топ үнді азаматы Израильге тыңшылық жасады деген айыппен қамауға алынды. 2023 жылдың қазан айында Қатар соты сегіз азаматты өлім жазасына кесті.

Үндістан барлық тұтқындардың отбасыларымен байланыста екенін және Қатар үкіметімен үкімді талқылап жатқанын айтты. Желтоқсан айында министрлік жазалардың қысқартылғанын, жақын арада жазаның өзгеруі мүмкін екенін айтқан.

– Үндістан үкіметі Қатарда қамауға алынған Dahra Global компаниясында жұмыс істейтін сегіз үнді азаматының босатылуын құптайды. Олардың жетеуі Үндістанға оралды, – делінген Үндістан Сыртқы істер министрлігінің дүйсенбідегі мәлімдемесінде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: