Бейсенбі, 26 желтоқсан, 07:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Оқушы қыз соққыға жығылды

09.08.2023

537 0

Ташкентте 18 жастағы қыз оқушыны соққыға жыққан. Оқиғаны қыздың достары видеоға түсіріп алған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Әлеуметтік желіде оқушы қыздың соққыға жығылған видеосы пайда болды. Кадрлардан қыздардың біреуі екіншісін тізерлеп отыруға мәжбүрлеп, кейін құлатып, үстіне отырып бетінін ұрып жатқаны көрінеді.

Ташкент МІІБ жағдайды анықтаған. Ақпаратқа сәйкес, 20 шілдеде 18 жастағы қыз 17 жастағы оқушы қызды Чиланзар ауданына «арадағы кикілжіңді шешу үшін» шақырған. Әңгіме барысында қыз оқушыны ұрып, оны жерге құлатып, ұрып-соғуын жалғастырған. Оқиғаның видеосы Желіде тарап кеткен. Алайда жәбірленушінің туыстары да, өзі де полиция бөліміне арызданбаған.

Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтап, бұзақы қызды анықтаған. Дерек бойынша 183-бап («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылғаны айтылды. Құжаттар аудандық сотқа жіберілген.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/88494/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: