Мына дүниеде сіз бен естіп білмеген, тіпті көрмеген таңғажайыптар жеткілікті. Жер бетінде бір адамы да ауырмайтын әрі ұзақ өмір сүретін 40 жастағы әйелдің өзі 19-20 жасар қыздай көрінетін тайпа бар десек сенесіз бе?
Жер атты планетамыздың бір бөлігінде, мүмкін бір қиырында дерміз, ауырмайтын тайпа бар екен. Алматы қаласындағы «Қазақстан» баспасынан 1986 жылы шыққан «Табиғат ғажайыптары» атты кітапта ауырмайтын тайпа жайлы жазылған. М.Рүстемов құрастырған кітапта: «Гималай тауын мекендейтін хунза дейтін шағын тайпа грипп, туберкулез, балалардың тамақ ауруы, тағы басқа ауру сырқауды білмейді екен» – деп жазылған. Тіпті бұл өңірде ешкім де, ешуақытта науқастанып көрмеген. Кереметі сол, адамдардың тісі де бұзылмайды екен.
Әлем елдері олар туралы мәліметтерді осы өлкеде 14 жыл еңбек еткен шотландық әскери дәрігер Мак-Каррисонның баяндамалары арқылы білген.
Олардың 40 жастағы әйелдері сырт көзге біздің 18-20 жастағы бойжеткен секілді көрінсе, ал 60-65 жастағылары өмірге сәби әкеліп жатады. Олар – қатерлі сырқатқа шалдықпаған әлемдегі жалғыз халық, тіпті олардың қарттары кәрілікке тән әлсіздік, қуат кему, шөгу дегенді білмейді. Бізге дейінгі жазбаларда бір кездері күллі әлемді жайпаған аса қорқынышты індеттің өзі хунзалықтарға соқпай өтіп кеткен екен деген дерек бар. Сонда хунзалықтар бұған дейін пандемия атаулын жұқтырмаған болып тұр ғой. Қызық, бұл халық коронавирус жұқпаған жалғыз халық болуы да ықтимал.
А.Бек
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!