Жексенбі, 22 желтоқсан, 23:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Президент: Қазақстан – ҰҚШҰ-ның толыққанды құрылтайшысы

11.01.2022

1141 0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ҰҚШҰ туралы қшетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу керектігін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына жеке тоқталығым келеді. Бұған қатысты түрлі қауессеттің, әсіресе, шетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу қажет. Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Қазақстан оның толыққанды құрылтайшысының бірі. Осы ұйымның барлық мүшелерінен жасақталған бітімгершілікт контингенті Қазақстанға уақытша мерзімге ғана келді», – деген Президент ұйымға жүктелген міндеттер нақты айқындалғанын баса айтты.

«Лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асыруда. Шын мәнінде солардың жанкешті іс-әрекетінің арқасында төңкеріске жол берілген жоқ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынып , оны Мәжіліс қабылдады.

Президент жуықта Қазақстанды саяси трансформациялау жөніндегі жаңа ұсыныстарын жариялайтынын айтқан. Сондай-ақ, ол 7 қаңтарда халыққа жасаған үндеуінде Үкіметке бүгінгі Мәжіліс отырысында натқы тапсырмалар беретінін айтқан еді. «Үкімет менің 11 қаңтарда Мәжілісте айтатын сөзіме қатысты нақты шешімдер қабылдауы керек», –деген Мемлекет басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: