Жұма, 27 желтоқсан, 07:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан мен Мальдив Республикасы визасыз режим туралы келісімге қол қойды

10.05.2022

810 0

Қазақстан мен Мальдив Республикасының билігі визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Бұл келісім екі ел азаматтарына Қазақстан мен Мальдив аралдарының аумағында 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге визасыз кіруге және онда болуға мүмкіндік береді.

Алайда жұмысқа орналасу, білім алу немесе іскерлік мақсатта ел аумағына кіруді көздейтін адамдар тиісті виза алуға міндетті болады.

Айиа кетейік, 2021 жылдың қазан айында Қазақстан мен Мальдив Республикасы екі елдің шекарасын кесіп өту кезінде азаматтарды коронавирус жұқтырмағаны туралы тест нәтижесі бар ПТР анықтама ұсыну міндеттемесінен босататын вакциналау паспорттарын өзара мойындады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: