Бейсенбі, 28 қараша, 08:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қытай даулы аймаққа соғыс кемесін кіргізген соң, Жапония жойғыш ұшақтар жіберді

07.04.2021

2080 0

Қытайдың соғыс ұшақтарын тасымалдайтын әскери кемесі бастаған топ Окинава мен Мияко аралдарын басып өтіп, Тынық мұхитына бет алған. Жапония топты бақылап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz.

Reuters Қытайдың «Ляонин» деп аталатын соғыс ұшақтарын тасымалдайтын кеме бастаған әскери топ Окинава мен Мияко аралы арасынан өтіп, Тынық мұхитына бет алғанын хабарлады. 

Жапония қытайлық топты байқап қалғаннан кейін қытай флотының тобы туралы ақпарат жинау үшін бір жойғыш, бір патрульдік ұшақ жөнелткен.

Соңғы кездері қытайлық әскерилердің шетелдік кемелерге оқ атуына мүмкіндік беретін Бейжіңнің жағалауды қорғау туралы жаңа заңы Токиомен шиеленісті күшейтті. 

Өткен жылдың сәуірінен бері аталған су жолымен Бейжің күштері алғаш рет өтіп отыр. Бұл АҚШ-тың аймақтағы одақтастарымен өткізген әскери жаттығуларынан, оның ішінде өткен аптада Шығыс Тынық мұхиты аймағында Австралияның әскери-теңіз күштерімен екі күндік бірлескен жаттығуынан және жексенбі күні таңертең Оңтүстік Қытай теңізіне кіретін америкалық Теодор Рузвельт әуе кемесімен бірлескен жаттығудан кейін тіркеліп отырған жайт.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: