Қытай соты Аустралиялық жазушы Ян Хенджунды өлім жазасына кесті. Бес жыл бұрын Қытайда демократияны жақтайтын блогер тұтқындалып, үш жыл бұрын тыңшылық жасады деген айыппен сотталған. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі bbc.com сілтеме жасап хабарлайды.
bbc.com мәліметінше, Аустралияның сыртқы істер министрі сот үкіміне таң қалғанын айтқан. Қытайдың Аустралиядағы елшісі Аустралия сыртқы істер министрлігіне түсініктеме алу үшін шақырылған.
Хэнджун Қытайда дүниеге келген және Аустралия азаматтығына ие.
Ол 2019 жылы Қытайға барған сапарында Гуанчжоу әуежайында ұсталып, тыңшылық жасады деген айыппен тұтқындалған. Бұған дейін жазушы Нью-Йоркте жұмыс істеген.
Қытайдың бұрынғы дипломаты болған жазушы Ян 1989 жылдан бері, он жылдан астам уақыт бойы Қытайдың қауіпсіздік саласында қызмет еткен. Кейін 2002 жылы Аустралия азаматтығын алған.
Жазушы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Оның отбасы қамауға алынғаннан бері денсаулығының нашарлағанын айтып, Қытай билігін азаптауда деп айыптап отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!