Сенбі, 21 желтоқсан, 21:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ресей мен Украина арасындағы үшінші келіссөз немен аяқталды?

08.03.2022

888 0

7 наурызда Ресей мен Украина арасындағы үшінші келіссөз аяқталды. Келіссөз Беларусь жерінде өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Келіссөз жабық түрде өткен және үш сағаттан аса уақытқа жалғасты. Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк гуманитарлық дәліз мәселесінде алға ілгерлеу бар екенін айтты. 

«Гуманитарлық дәліздер логистикасын жақсарту мәселесінде оң нәтиже бар», – деп жазды Подоляк өз Twitter парақшасында. 

Оның сөзінше, адамдарға көмек көрсету сапасын жақсарту үшін гуманитарлық дәліздерге өзгерістер енгізіледі. 

Ал Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский Украина аумағындағы гуманитарлық дәліздер сейсенбі, 8 наурыздан бастап іске қосылады деп үміт білдірді. Айтуынша, бұған дейін Украина қарулы күштері жұмыс істегендіктен, дәліздер іске қосылмаған.

«Біз нақты сауал қойдық. Ертеңнен бастап дәліздер іске қосылады деп үміттенеміз», – деді Мединский. 

Ресей делегациясының мүшесі, Мемлекеттік дума басшысының орынбасары Леонид Слуцкий келіссөз нәтижесінде бейбіт тұрғындарды гуманитарлық дәліз арқылы шығарылатынына сенім білдірді.

«Біз бұл тақырыпты егжей-тегжейлі талқыладық. Бүгін нақты бағыттарды, географиялық атаулармен қарастырдық. Алдағы уақытта адамдарды шығару талпынысы тез әрі сәтті болады деп сенеміз», – дейді Слуцкий. 

Өзге сұрақтар

Слуцкийдің сөзінше, үшінші келіссөз кезінде Украинаның бейтараптық мәртебесі, орыс тілі мәселесі де қарастырылған. 

«Орыс тілі мәселесі және әскерді жою, бейтараптық мәртебесімен байланысты сұрақтардың барлығы талқыланды», – деді Слуцкий «Россия-24» арнасына берген сұхбатында.

йтуынша, бұл маңызды сұрақтар, сондықтан талқылау үшін біраз уақыт қажет. 

Ресей ұсынысы

Мединский Ресей қол қоюға ұсынған құжаттарды Украина тарапы талдау үшін алып кетіп, келесі келіссөзде алып келетінін мәлімдеді. 

«Біз жазбаша құжаттарды көп мөлшерде алып келдік. Олар нақты жобалар, ұсыныстар мен келісімшарттар. Енді келісімге келген бөлімдерде тым болмаса хаттама толтырылады деп үміттенгенбіз. Алайда Украина барлық құжаттарды талдау үшін алып кетті. Келіссөз кезінде қол қоя алмады», – деді Мединский. 

Слуцкийдің айтуынша, Ресей үшінші келіссөзге нақты жазбаша ұсыныстар алып келген.

Келіссөзді бағалау және келешегі туралы

Подоляк өзге сауалдардың талқыланып жатқанын мәлім етті.

«Атысты тоқтату, татуласу, әскери іс-қимылды доғару бойынша әрі қарай да кеңестер беріледі. Қазіргі таңда жағдайды жақсартатын нәтиже әлі жоқ. Бірақ келешекте нәтижеге қол жеткіземіз», – деп мәлімдеді Подоляк. 

Мединский Ресей тарапының үшінші келіссөз қорытындысымен қанағаттанбағанын айтты. 

«Шынымды айтайын, келіссөз кезінде күткеніміз жүзеге аспады, келесі жолы алға қадам басып, келіссөз жалғасын табады деп үмітенеміз», – деп қосты Мединский.

Ал Слуцкий Мәскеудің Украинамен келесі келіссөзі нақты нәтижемен аяқталатынына үміттенетінін мәлімдеді.Ол келіссөздің жылдам жалғасын табатынын қосып өтті. 

«Келесіде нақты нәтижеге қол жеткіземіз деп өз-өзімізді жұбатпай-ақ қояйық. Бұл өте ауыр жұмыс болмақ. Әріптестеріміз бізге жақын позиция таңдап, барлығын орындайды деп үміттенбейміз», – деді ол. 

Слуцкийдің сөзінше, келесі келіссөз Беларусь жерінде жақын арада өтеді. 

Айта кетейік, Ресей мен Украина екінші келіссөз барысында кей аудандарда атысты тоқтатуға келіскен еді. Бұл тұрғындарды эвакуациялау үшін жсалған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: