Жұма, 27 желтоқсан, 18:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ресейдің зымыран қоры таусылуға жақын. Украина жеңе ме?

19.12.2022

815 0

Сурет ашық дереккөзден

Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов ресейліктерде үш-төрт шабуылға жететін зымыран қоры қалғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы ол «Украинская правда» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Егер бұған дейін бізге жасаған ірі шабуылдарын есептесек, онда оларда ең көбі екі-үш, мүмкін төрт зымыран қалды. Бірақ содан кейін олар толығымен зымырансыз қалады. Бұндайға жол беріле қоймас, өйткені оларда қандай да бір қор болуы керек. Нормативтер бойынша оларда зымырандар саны шекті көлемнен азаймауы тиіс. Алайда Ресей бұл шектен әлдеқайда асып кеткен», – деді Данилов.

Сонымен бірге, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі хатшысының айтуынша, ресейліктер қазір украин қалаларын С-300 зымырандарымен атқылап жатыр. Ресейде бұл зымырандардың қоры жеткілікті.

Даниловтың сөзінше, украин әскерилері Ресей қолданып жүрген ирандық дрон-камикадзені атып түсіруді үйренді.

«Оларда шахедтер бар, бірақ біз олармен күресуді үйренгенімізді атап өткім келеді. Егер қандай да бір форс-мажор болмаса, жақында біз олар жіберген дрондарды 100% құлатқан жағдай болды», – деді ол.

Айта кетейік, Ресей жыл соңына дейін Украинадан әскерін шығармайтынын мәлімдеген. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: