Сенбі, 21 желтоқсан, 17:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сәтсіз вакцина

10.10.2020

631 0

Әлемдік ірі басылым «The Times» газеті коронавирус вакцинасы және індеттің адамзаттың өмір сүру моделіне әсері туралы көлемді мақала әзірледі. Авторы – ғылыми қызметкер Рис Блейкли.

Оның «Оксфорд вак­цинасына соққы: АҚШ-тағы сынақ қанша уақыт кідіреді» атты еңбегі журналистік зерт­теуге де, ғылыми са­раптамаға да жақын туынды деп санауға болады. Автор мақалада ауқымды оксфордтық вакцинаны сынау мерзімі белгіленген межеден кешігуі мүмкін екеніне алаңдаушылқ білдіреді. Себебі аталған вакцинаның жанама әсері болу ықтималдығы қадағалау орган тарапынан уақытша шектеу қоюға итермелеген. Рис Блейкли аталған келеңсіздік туралы былай­ дейді:

«Мамандардың сөзінше, ахуалдың мұншалықты өзгеруі осыған дейін еріктілерге енгізілген сынақ дозасының көрсеткішін теріске шығарады. Осы уақытқа дейінгі сынақ нәтижесі вакцинаның коронавирусқа қарсы әсерін растай алмайды».Сонымен қатар басылым Англиядағы коронавирус көр­сеткішінің күрт өскенін хабарлауда. Бүгінде ауруханаға күніне 500-ге жуық азамат жүгінетін көрінеді. Қазіргі таңда Covid-19 диагнозымен 3145 науқас ем алса, 7 қаңтардағы ақпаратқа сәйкес, 14 162 жаңа жағдай тіркелген. Ел көлемінде кафелер мен көпшілік нысан­ жұмысына уақытша тыйым салынған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: