Жұма, 22 қараша, 23:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Шошқа етін жеген келіншек бас бостандығынан айырылды

23.09.2023

562 0

Фото: Бейнежазбадан алынды

Индонезия соты әлеуметтік желіде шошқа етін жеп, видео түсірген 33 жастағы Лина Лутфияватиге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот шешімімен ол екі жылға бас бостандығынан айырылып, 16 мың доллардан астам айыппұл төлеуге міндеттелді.

Лутфиавати наурыз айында өзінің Лина Мукерджи деген бүркеншік атпен ашылған тикток аккаунтында түсірген видеосымен бөліскен. Ол шошқа етін жемес бұрын  «бисмиллаһ» сөзін қолданғаны үшін жазаға тартылды.

Лутфиаватидің видеосы Индонезияда жанжал тудырды. Ел тұрғындарының басым бөлігі ислам дінін ұстанатын болғандықтан, оның бұл әрекеті қатал сыналған. Тіпті дін қайраткерлерінің бірі Лутфиаватидің күпірлік етті деп айыптап, үстінен полицияға шағымданған.

Қыркүйек айында Палембанг қаласындағы сот
Суматра Лутфиаватидің ісін қарап, оған бас бостандығын шектеу және ірі көлемде айыппұл төлеу жазасын тағайындады.

Лутфиаватидің өзі бұл видео үшін бірнеше рет кешірім сұрағанын айтты.

«Мен істеген ісімнің дұрыс емес екенін білемін, бірақ екі жылға соттайды деп күтпедім», – деді ол.

Индонезия – әлемдегі ең көп мұсылман халқы бар мемлекет. Онда 275 миллионға жуық адам тұрады, олардың 90%-ға жуығы ислам дінін ұстанады.

2000-шы жылдардың басынан бастап, Индонезияда күпірлікке қатысты істер жиі қозғала бастады, олардың кейбіреулеріне бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: