Шымкентте банк қызметкері клиенттердің үстінен 21 миллион теңгеге несие рәсімдеп алған, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазығұрт ауданының 47 тұрғыны алаяқтың құрығына түсіп қалған. Олардың бәріне несиені төлеу қажет екені туралы хабар түскен. Ал несиені банк қызметкері алғаны анықталған.
Алаяқ 21 миллион теңгеге несие рәсімдеп үлгерген.
«Полицейлер бұл деректі «Алаяқтық» бабы бойынша тіркеді. Күдікті ұсталды. Банк қызметкері болып жұмыс істеген кезде ол клиенттердің құжаттарын пайдаланып 70 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі сомаға кредиттер рәсімдеген. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – дейді Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдужаппарова.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!