Сейсенбі, 19 наурыз, 16:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

Сирия бойынша келіссөздердің жаңа раунды Нұр-Сұлтанда өтеді

24.05.2022

1007 0

Сыртқы істер министрігі Сирия бойынша келіссөздердің 18-раундын Нұр-Сұлтанда өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Сирия бойынша келіссөздердің 18-раунды Нұр-Сұлтанда 14-16 маусым аралығында өтеді. Біз барлық кепілгер мемлекеттерге және өзге де қатысушыларға шақырту жолдадық. Барлық тараптың құптауын күтіп отырмыз», – деді Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана алаңын Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтату бойынша келіссөздер өткізу үшін Астана алаңын ұсынуға дайын екенін мәлімдеген еді. 2017 жылдың қаңтары мен қазан айы аралығында Астанада 7 халықаралық кездесу өткен. 

Астана процесі Женева процесін толықтырады, екеуі де Сириядағы жанжалды бейбіт жолмен шешуді қамтамасыз етуге бағытталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: