Сенбі, 16 қараша, 01:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Соғыс тоқтады

26.11.2020

979 0

Апта басында Таулы Қарабақтағы қан майдан тоқтап, екі ел ортақ ымыраға келді. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян келісімге қол қойып, соғысты тоқтату туралы шешім қабылдаған. Әлемдік ақпараттық агенттіктер басымдық алған Әзербайжан тарапының аяқ алысын аңдап, өзіндік сараптама мен ресми ақпаратты жарыса жариялауда. Тіпті «BBC» арнасы оқиғаның толық сипатын бағамдау үшін «Армения, Әзербайжан, Ресей бітімге қол қойды» деген атаумен хабар әзірледі.
«Қос тарап бітімге келді, Таулы Қарабақтағы жанжал шешім тапты. Нәтижесінде Армения 15 қарашаға дейін Кельбаджар ауданын босату керек; 1 желтоқсанға дейін Лачин ауданынан кетуі қажет; жанжал орны мен Лачин дәлізінде Ресейдің бітімгер әскері уақытша орналасатын болады. Міне, келісім осылай. Дерек бойынша, бітімгер әскер 1960 адамды құрайды. Оған қоса, 90 бронетранспортер, 380 автокөлік пен арнайы техника жеткізіледі. Қоныстанушыларды қайтаруды БҰҰ-ның босқын ісі жөніндегі жоғары комиссары бақылауға алады деп хабарланды. Сондай-ақ Нахчиван дәлізін салу бастамасы да жоспарланған».
Таулы Қарабақтағы соғыс өрті тұтанғалы әлем назары осы аумақта болғаны белгілі. Бұған дейін «BBC», «CNN» арналарының оқиға орнынан түсір¬ген бейнематериалы ақпаратты бүкпесіз беруге септігін тигізсе, бұл жолғы хабар ақпаратты жедел әрі нақты таратуда мүмкіндік берді.

Ерсін ШАМШАДИН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: