Сурет: Канал «Россия 24»
Ресейдің бұрынғы депутаты Семен Багдасаров Түркияның жер сілкісінен болған дағдарысты пайдаланып, Стамбул қаласын басып алуға шақырды. Бұл туралы ресейлік БАҚ жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Түрік пен түркіде ортақ не бар? Айнаға қарасын, ештеңе жоқ. Түрік, қазақ, қырғыз, якутты байланыстыратын ештеңе де жоқ. Бұл менің қытайлық екенімді айтқаным сияқты. Біз тарихи тұрғыдан бізге тиесілі нәрсені (ред. Стамбулды) – Константинопольді мемлекетіміздің құрамына қайтарамыз!», – деді Семен Багдасаров.
Сондай-ақ, Ресейдің бұрынғы депутаты аумақтық талаптардың әділдігін дәлелдеуге тырысып, Ресейдегі дағдарыс туралы да сөз қозғай кетті.
«Дағдарыс? Құдайға шүкір, дағдарыс. Дағдарыс аумақтардың күйреуімен және бізге қосылуымен аяқталуы тиіс», – деді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!