Сейсенбі, 31 желтоқсан, 00:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№103 — 2113
31.12.2024
PDF мұрағаты

Токиода эстафета алауы жағылды

27.03.2021

1942 0

Пандемияның алып келген өзгерісі аз емес. Бұл орайда кезекті Токио олимпиадасы да кейінге шегерілген болатын. Енді олимпиада ойындары бір жылдан кейін биылғы 23 шілдеде басталады. Осыған байланысты бейсенбіде Жапонияда эстафета алауы басталды. Атаулы шара туралы BBC арнасы «Токио-2020: Олимпиаданың эстафета алауы Жапонияда басталды» атты арнайы бағдарламасын дайындады.

«Әлемдік пандемияның әлі де жалғасып жатқанына қарамастан Токиода эстафета алауы әйтеуір басталды» делінген материал басында. 121 күндік бұл эстафета Олимпиаданың жақындағанын ескертеді. Алау Фукусимадағы шарада жағылған. Арнаның хабарлауынша, енді 10000 жеңіл атлет алауды  алып Жапонияны аралап шығып, 23 шілдеде Олимпиаданың ашылу салтанатында олимпиадалық қазанды жақпақ.

Десе де биыл спорттық шара бұрынғыдан өзгерек өтпек. Шарада қандай шектеулер енгізілетіні туралы арна тілшілері өз бағдарламасында баяндайды. Мәселен, вирустың алдын алу үшін енгізілген шек­теулерге байланысты ашылу салтанаты көрермендер қатысуынсыз өткізілмек. Эстафетаны тамашалауға да тек аздаған жанкүйерге рұқсат етілген және оларға бетперде тағу мен арақашықтықты сақтау міндеттелген.

Токио-2020 олимпиадасының басшысы Сейко Хашимито эстафетаның ашылу салтанатында олим­пиада алауы қараңғы күндерді жарыққа бөлейді деген үмітте екенін айтқан. «Бұл кішкене алау ешқашан үмітін жоғалтқан жоқ. Дәл осы сәтке дейін шие ағашының бүршігі секілді өзінің гүлдейтін уақытын күтті» деді ол өз сөзінде.

Тілшілердің айтуынша, олимпиадалық және па­ралим­пиадалық ойындарда шетелдік жанкүйерлер болмайды. Жапония билігі Олимпиада комитетіне елге кіруге рұқсаттың берілуі «екіталай» екенін айтқан. Ұйымдастырушылар мұндай шектеулер қауіпсіздікті арттыратынын мәлімдеген. Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах та спорттық шараның мұндай жағдайда өтетіні көңілге кірбің салатынын жасырмады.

«Ең бастысы, қауіпсіздік бірінші орында болуы керек. Мұндай шешімді қабылдау біздің жапондық серіктестерімізге оңай тимегені рас», – дейді ол.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: