Жексенбі, 22 желтоқсан, 18:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев Қазақстан неге ауған босқындарын қабылдамағанын түсіндірді

05.09.2021

1035 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ауған босқындарын уақытша орналастыруға неге келіспегенін түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz  РИА Новостиге сілтеме жасап.

Тоқаев 2021 жылы Шығыс экономикалық форумында онлайн-режимде сөз сөйледі. Онда Президент ауған босқындарын Қазақстанға орналастыру мәселесі әлі де қаралып жатқанын айтты.

«Америка әкімшілігімен екі, үш ай немесе алты ай бойы, белгісіз мерзімде жұмыс істеген ауған босқындарын паналату мәселесіне келетін болсақ, қабылдау туралы шешім шығарылған жоқ. Қазақстанның егеменділігімен байланысты көптеген ерекшеліктер бар. Қазақстанға келуі тиіс адамдарда виза болған жоқ, сонымен қатар логистиканың өзі бұл мәселені шешуге мүмкіндік бермеді», – деді Тоқаев.

Бұған дейін WhatsApp желісінде Қазақстанға 70 мың ауған азаматы келеді деген қауесет тараған болатын. Алғашқы 500 адам Шымкент әуежайына келгені, тағы 1500 адам жақын күндері келетіні айтылды. Сыртқы істер министрлігінде босқындарды Шымкент пен Түркістан облысына орналастыру туралы ақпарат екі рет ресми түрде жоққа шығарылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: