Ыстамбұлдың басты көрікті жерлерінің бірі – Айя-София мешітіне бару енді ақылы болды. Енді қасиетті орынды тамашалағысы келетін қазақстандықтар 25 еуро, яғни 12 жарым мың теңге төлеуі керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жаңашылдық тек шетелдік туристерге қатысты. Бірақ түрік азаматтары үшін мешітке кіру тегін.
Сонымен қатар билік ғибадат орнына кіретін есіктерді бөлу туралы шешім қабылдады, енді біреуі саяхатшыларға, ал екіншісі жергілікті тұрғындарға арналған. Осы арқылы кезектерді азайтып, қалпына келтіру жұмыстарын тиімді жүргізуге болады, дейді әкімшілік.
Бүкіл әлемде діни қызмет кезінде ірі соборлар мен мешіттерге кіру әдетте тегін. Ал ақылы болса, оған әдетте экскурсия кіреді. Түркияда инфляция рекордтық деңгейге жетіп, 80% болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!