Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі Сирия мен Ирактың солтүстігінде әуе операциясын жүргізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«2024 жылдың 23 қазанында Ирак пен Сирияның солтүстігінде террористік мақсаттарға қарсы әуе операциясы жүргізілді… 32 нысан жойылды», – делінген құжат мәтінінде.
Мәлімдемеде әуе күштерінің бұл әрекеттері Күрдістанның жұмысшы партиясының топтарын (Түркияда тыйым салынған) және басқа элементтерді бейтараптандыруға, азаматтар мен қауіпсіздік күштеріне террористік актілердің алдын алуға және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғаны айтылған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!