Aqmeshit-aptalygy.kz – Тұмаудан 33 бала көз жұмды, олардың көпшілігінде туа біткен жүрек және тыныс жолдары аурулары болған. Бұл Түрікменстанда орын алды деп хабарлайды kazinform.kz.
Тұмау көбінесе 5-7 жастағы балаларда кездеседі. Айтуларынша, қазір жағдай жақсарған, осы уақытқа дейін ауруханаларда орын жеткіліксіз болған.
Ауруханалардың реанимация және терапия бөлімдерінде пластмассадан жасалған қоршаулар орнатылып, тұмаумен ауыратын науқастар орналастырылған.
Медициналық мекеме басшыларымен өткен кездесулерде індетке байланысты дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың тапшылығы айтылды.
– Өзбекстан көмек ретінде дәрі-дәрмектің үлкен партиясын жіберіп, тапшылықтың орны толды, – делінген хабарламада.
Аурухананың әр бөлімінде заманауи реанимациялық құрал-жабдықтармен жабдықталған 1-2 кабинет құру жоспарлануда. Желтоқсанда және қаңтар айының басында Ашхабад пен облыстарда тұмаудың жоғары деңгейі байқалды. Ел астанасындағы ауруханалар толып, тұрғындарға үйде емделуге кеңес берілді. Себебі, бұл жолы инфекция кеңірек тараған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!