Бейсенбі, 21 қараша, 15:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Твиттердегі жазбасы үшін 54 жастағы зейнеткер өлім жазасына кесілді

01.09.2023

340 0

Сауд Арабиясының соты 54 жастағы зейнеткер ұстаз Мұхаммед әл-Гамдиді Twitter-дегі жазбалары үшін (қазір X) өлім жазасына кесті. Бұл туралы Human Rights Watch ұйымы хабарлайды.

Сот ер адамды бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықтар, соның ішінде патша мен тақ мұрагерін қорлағаны үшін кінәлі деп тапты. Сот отырысында оның твиттері, ретвиттері және YouTube-тегі пікірлері дәлел ретінде пайдаланылды. Айтпақшы, бұл адамның Twitter-де небәрі сегіз жазылушысы бар.

«Сауд Арабиясындағы қуғын-сүргін жай ғана твиттердегі жазбасы үшін сот өлім жазасына кесе алатын қорқынышты кезеңге жетті. Сауд Арабиясы билігі ақылға сыймайтын пропорциядағы кез келген қарсылыққа қарсы науқанды күшейтті. Бұл әділетсіздікті қабылдамау керек», – деді Human Rights Watch саудиялық зерттеушісі Джои Ших.

Мұхаммед әл-Гамди 2022 жылы 11 маусым күні өз үйінде тұтқындалды. Оны түрмеге қамап, төрт ай бойы камерада жалғыз ұстаған. Осы уақыт ішінде отбасы онымен байланыса алмаған. Әл-Гамди адвокатымен сот басталар алдында ғана кездескен.

Өлім жазасына кесілген зейнеткер Саид бин Нассер әл-Гамди есімді Ұлыбританияда қуғында жүрген көрнекті саудиялық исламтанушы және үкімет сыншысының ағасы. Ол ағасының қудалануына басты себеп өзі екенін айтуда. Human Rights Watch ұйымының хабарлауынша, соңғы жылдары Сауд Арабиясы билігі оппозицияның отбасы мүшелеріне қысым көрсетіп, оларды елге қайтаруға күш салуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: