Сенбі, 28 желтоқсан, 16:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Үнді фермерлері неге наразы?

20.02.2021

1348 0

Ашуға булыққан үндістандық фермерлер өз ал­қаптарын тастап, әлемдегі үлкен көтерілістердің бірін ұйымдастырды. Қарашадан бері он мыңдаған фермерлер ел астанасы Нью-Делиге жақын жердегі жолдарға күрке құрып, сонда тұрып жатыр. Тікенек сымдар мен қоршаулар арқылы әскерилер ел астанасын қорғап тұр. Әскерилер мен фермерлер арасында қақтығыстар да орын алуда. Үнді фермерлерінің не үшін көтеріліске шыққанын анықтау үшін «CNN» арнасына тілші Джесси Енг «Үндістан бойынша фермерлер бірнеше ай бойы наразылық білдіруде. Себебі мынада» атты арнайы репортаж дайындады.

Олар ауыл шаруашылығы туралы қыркүйекте қабылданған заңға қарсылық білдіруде. Үкімет бұл реформа елдегі ауыл шаруашылығын модернизациялау үшін қажет дейді. Билік пен халық арасындағы қырғи қабақ келіссөз жасауға кедергі келтіріп отырғандықтан, тілші Үндістанда көтеріліс әлі бітпейді деп пайымдайды.

Мәселенің мән-жайына келсек, бұрын жыл сайын жиналған өнімді фермерлер билік белгілеген шекті бағада сата алатын болған. Ал жаңа заң бойынша өнімді сатушы кез келген адамға және өзі ойлаған бағаға сата алады. Аталған заңды қабылдаған премьер-министр Нарендры Моди фермерлерге еркіндік беріліп, делдалсыз тікелей сатып алушымен келісуге жол ашады деп шешкен.

Алайда фермерлер бұл заң арқылы үлкен компаниялар бағаны төмендетінін алға тартуда. Сұраныс көп тұста олар өз өнімдерін оңай сатып жүрген болса, енді бағаның алуандығына байланысты өнімдерін сату қиындайды деп қорқуда.

Үндістанда 1,3 млрд халықтың 58 проценті ауыл шаруашылығымен айналысады. Ал олардың жаңа заңға қарсы шығуы ел үшін саяси көтеріліс болмақ. Себебі 2024 жылы өтетін сайлау кезінде фермерлердің ашуын тудырған Модидың жеңіске жетуі екіталай.

Бұған дейін Моди өзінің Бхарати Джанат партиясымен фермерлерді үгіттеп, олардың игіліктері үшін заң қабылдайтын еді. Мәселен, 2014 жылы партия егін бағасы 50% жоғары ұсынылсын деп шешсе, 2016 жылы Моди 2020 жылға дейін фермерлердің айлығын екі есе өсіруді көздеді.

«Үкімет жаңа заң жобасы бәсекелестікті арттырып, фермерлер бағаны көтеруге мүмкіндік алады деп ойлауда», – дейді тілші мақаласында.

Көтеріліс заң қабылданған уақытта басталған. Кейін ашуланған фермерлер өз жүк көліктері, тракторлары арқылы Нью-Делиге жақын шекарада блокадалар құрған. Қатарға тізілген мыңдаған адам ереуілді бастаған кезде әскерилер көз жасаурататын газ шашып, ел астанасына кіргізбеудің амалын жасаған. Желтоқсанда да халық жан-жақтан көтеріліске шығып, аштық жариялаған. 100 мыңға жуық адам бейбіт ереуіл ұйымдастырғанымен, полиция оларды соққының астына алған.

16 оппозициялық партия Бодидың күш қолдан­ғанына қарсы болып, оны «өзімшіл, халықтың сөзіне құлақ аспайды» деп айыптаған. Осы тұста үкімет қоғамдық тәртіп орнату мақсатында интернет желісін ажыратты.

Көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі Самюкт Кисан Морч суықтан, жол-көлік оқиғасынан және суицидтан 147 фермер қайтыс болғанын айтады.

Тілші үкімет басшылары 30-дан астам фермерлік одақтың басшыларымен келіссөз жүргізе алмады деп түйіндейді. Қаңтардың басында Үндістанның Жоғарғы соты жаңа заңды уақытша тоқтатқан. Мұны «Бұл үкімет фермерлермен келіссөз жүргізу үшін қабылданған шара» деп пайымдайды тілші. Бүгінгі кезде аталған заңды 12-18 айға тоқтатып қойса да, ереуілшілер көтерілісті тоқтатар емес. Оқиға орнында болған Джесси Енг «Заңды толық алып тастамайынша, көтерілісшілер тарқаспайды» деген тұжырым жасайды.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: