Фото: rusnewshub.ru
Мексиканың орталығында жеңілқозғалтқышты ұшақ апатқа ұшырап, жеке тұрғын үйді басып қалды. Салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ren.tv-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Сантьяго-Тенанго муниципалитетінде болған.
«Ұшақ бос тұрған тұрғын үйге соғылды. Өкінішке орай, ұшақ бортындағы үш адам қаза тапты», – деп жазды Пуэбла штатының губернаторы Серджо Саломон Х әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қайғылы оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Апаттың себептері әлі анықталған жоқ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!