Сейсенбі, 24 желтоқсан, 17:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ваннада шеккен: Электронды темекіні шамадан тыс қолданған жасөспірім қаза тапты

17.08.2023

367 0

Мәскеуде 16 жастағы жасөспірім электронды темекіні ыстық ваннада шамадан тыс шегіп, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әпкесінің айтуынша тоғызыншы сынып оқушысы электронды темекі шеккенді ұнатқан. Тіпті өткен жылы ол қоғамдық жерде темекі шеккені үшін тіркеуге алынған. Бала үйге 13 тамыз күні кешке келген. Сағат кешкі 11-де ол демалу үшін жуынатын бөлмеге барып, сол жерде электронды темекісін тартқан. Бүкіл пәтерге тәтті иіс тараған.

Бір сағаттан кейін жігіттің жағдайы нашарлай бастаған. Оның жүрегі айнып, кереуетінің жанына су қойып, төсегіне жатып қалған. Таңғы сағат алтыда әпкесі жұмысқа кетер алдында жиенін тексеріп, дем алып жатқанын көреді. Ал күндізгі сағат 12-де әпкесінің қызы оған қоңырау шалып, жігіттің оянбағанын айтады. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылған. Дәрігерлер оның өлімін анықтаған. Өлімнің нақты себебін медициналық сараптама анықтайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: